Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік компаниялардың жобалық шешімдерін бейімдеу

Қазақстан Республикасы аумағында шетелдік жобаларды бейімдеу құрылыс саласында өзекті бағыт болып табылады. Шетелдік компаниялар отандық ұйымдарда сұранысы бар бірегей жобалық шешімдер ұсынады. Алайда бұл жобаларды қазақстандық жағдайда бірден жүзеге асыру мүмкін емес, өйткені олар елімізде қойылатын құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына, техникалық және нормативтік сипаттары біршама ерекшеленеді.

Біздің халықаралық нарықтағы ынтымақтастық тәжірибеміз және шетелдік серіктестер арасындағы кең ауқымды кәсіби контактілер біздің тапсырыс берушілерге шетелдік жобаларды қазақстандық жағдайларға кәсіби бейімдеуді ұсынуға мүмкіндік береді. Шетелдік жобаларды ҚР іске асыру үшін жобаларды түрлендіру және оңтайлы параметрлерді келтіру және де жоба әзірлеушілермен тікелей кеңесу бізге қосымша мүмкіндіктер береді.

Біздің компания орындайтын шетелдік жобаларды кешенді немесе бөлек түрінде бейімдеудің келесі жұмыс түрлерін ұсынады:

  • жобалау құжаттамаларын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мен техникалық реттеуді ҚР-ның заңнамасына құқықтық сәйкестігін қамтамасыз ету;
  • жобаның мәтіндері мен сызбаларға түсіндірмелерін аудару;
  • ұсынылатын жобалық шешімдерді қолданыстағы ҚР заңнамасының нормаларына сәйкестігін талдау мен бағалау;
  • әрбір нақты аймақтың климаттық және өзге де жағдайларын ескере отырып техникалық құжаттамаларды қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес қайта өңдеу;
  • жобаның графикалық материалдары мен сызба түсіндірмелердің құрамының сәйкестігін, жобалық құжаттамалардың мазмұны мен ресімделуі ҚР қолданыстағы нормалар мен заңнамаға сәйкестігін тексеру және өңдеу;
  • сараптамадан өту үшін жобалық құжаттамалардың құрамы мен мазмұны ҚР қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін жобанының қосымша бөлімдерін әзірлеу;
  • ҚР заңнамасына сәйкес қажетті келісулер мен сараптамалар өту кезінде жобаларды сүйемелдеу.

Қазақстан аумағында шетелдік жобаларды оң нәтижеде бейімдеп жүзеге асыруға кепілдік береміз.

Наверх